Жаңалықтар
1 мин оқу 512

Ұлпан Нұрбекова – Шварценеггер турнирінің жеңімпазы

23-08-16-Ulpan Гонконгта өткен Arnold Classic Asia турнирінде отандасымыз абсалюттік және фитнес-бикини категорияларында барлық қарсыластарынан үздік деп танылып, жеңімпаз атанды. Байқауда белгілі бодибилдер және актер Арнольд Шварцнеггер Ұлпан Нұрбекованың өнеріне тәнті болған. Айта кетейік, қазақстандық спортшы қыз бодибилдингпен 3 жылдан бері айналысып келеді. Ол осы жылдар ішінде Қазақстан және Орта Азия чемпионы атанған. Сондай-ақ Азия және WBPF әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Талғат РАЙЫМБЕК
Бөлісу:
Ұлпан Нұрбекова – Шварценеггер турнирінің жеңімпазы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар