Жаңалықтар
1 мин оқу 300

Шотландияда пингвинге генерал атағы берілді

23-08-16-Pingvin Шотландиядағы ұлттық зообақта Нильс Улфа есімді пингвинге «Норвегия корольдік гвардиясының генералы» деген атақ берілді. Аталған хайуанаттар бағында өткен салтанатты шарада пингвин әскери қызметшілердің алдына шығып, құрмет көрсеткен. Айта кетейік, Нильс Улфа Норвегия корольдік гвардиясының қатарына қабылданған үшінші генерал-пингвин. Норвегия елі 1913 – 1972 жылдары «Эдингбург» ұлттық зообағына генерал-пингвиндерді сыйға тартқан болатын. Жалпы, мұндай пингвиндердің әскери қызметі 15-20 жылға созылады. Талғат РАЙЫМБЕК
Бөлісу:
Шотландияда пингвинге генерал атағы берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар