Жаңалықтар
1 мин оқу 381

Алматыда радикалды топ мүшелері қолға түсті

23 08 - knb Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматы облысында арнайы операция жүргізіп, еліміз аумағында террористік актілер сериясын ұйымдастыруды жоспарлаған радикалды топтың 4 мүшесін қолға түсірді, деп хабарлады аталмыш комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған kaztrk.kz Күдіктілер Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары болып шықты. Олар тұрып жатқан жерден жарылғыш заттар жасауға арналған құрылғылар мен діни-экстремистік бағыттағы материалдар табылған. Дереккөздің мәліметінше, күдіктілердің Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, полиция және әскери бөлімше қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасау жоспарларының жолы кесілген. Олар сондай-ақ халық көп шоғырланатын жерлерде де түрлі жарылыстар ұйымдастыруды жоспарлаған көрінеді. Қазіргі таңда осы іс бойынша, тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр. Айдар ӨРІСБАЕВ
Бөлісу:
Алматыда радикалды топ мүшелері қолға түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар