Жаңалықтар
1 мин оқу 283

Таиландтың Паттани курортында жарылыс болды

24-08-16-vzriv РИА «Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Паттани курортындағы екі қонақүй алдында болған жарылыстан 1 адам қаза тауып, 30-ға жуығы түрлі дене жарақатын алған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бірінші жарылыс күндіз қонақүй алдындағы автотұрақта орын алса, екіншісінде жүк көлігі жарылып, салдарынан 1 адам қаза тапқан. Тәртіп сақшыларының сөзіне сүйенсек, зардап шеккендер арасында шетел азаматтары жоқ. Талғат РАЙЫМБЕК  
Бөлісу:
Таиландтың Паттани курортында жарылыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар