Жаңалықтар
1 мин оқу 341

Моңғолияда қарақшылар банкті тонап кетті

24-08-16-Vori «Өнөөдөр» газетінің хабарлауынша, суық қару асынған белгісіз екі адам Мандах Дорноговь аймағындағы «Хаан» банкінің филиалын тонап кеткен. «Қарақшылар 20 млн түрік (шамамен 9 мың доллар) пен қызметкерлердің ұялы телефондарын алған. Бетперде киген олардың бойы 170 см., жастары 18-20 шамасында. Қазіргі таңда іздестіру шаралары жүріп жатыр», – дейді жергілікті полицейлер. Айта кетейік, Моңғолия елінің Қылмыстық кодексі бойынша тонау әрекетін жасаған қылмыскер 10-20 жыл аралығында бас бостандығынан айрылады. Талғат РАЙЫМБЕК
Бөлісу:
Моңғолияда қарақшылар банкті тонап кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар