Жаңалықтар
1 мин оқу 230

Елбасы Италия премьеріне көңіл айту жеделхатын жолдады

22.08.2016 AST Akorda Мемлекет басшысы Италия Республикасының Премьер-Министрі Маттео Ренциге жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Akorda.kz-тің мәліметінше, жеделхатта Елбасының Апенин түбегінің орталық бөлігіндегі жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті достас Италияға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізіп, табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Айдар ӨРІСБАЕВ
Бөлісу:
Елбасы Италия премьеріне көңіл айту жеделхатын жолдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар