Жаңалықтар
1 мин оқу 212

Президент Сербия премьер-министрімен кездесті

06-04-2016Akorda Мемлекет басшысы Сербия Республикасының премьер-министрі Александр Вучичпен кездесті. Akorda.kz-тің хабарлауынша, кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың саяси диалогты және мәдени алмасуды нығайту, көлік, туризм және инфрақұрылым құрылысы саласындағы байланыстарды дамытуды қамтитын негізгі бағыттары талқыланған. Сондай-ақ, тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Вучич Қазақстан мен Сербияның өзара іс-қимылын одан әрі нығайту және кеңейту үшін зор әлеуеттің бар екенін атап өтті. Айдар ӨРІСБАЕВ
Бөлісу:
Президент Сербия премьер-министрімен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар