Жаңалықтар
1 мин оқу 200

Қылмыскер елге қайтарылды

ручкаҚазақстан Республика­сының азаматы Ариф Ахмедовті қылмыстық жау­ап­тылыққа тарту үшін құ­қық қорғау органдары оны Әзербайжаннан елге әкелді. А.Ахмедов аса ірі көлемде есірткі заттарын алдын ала сөз байласқан адамдармен бірге өткізу мақсатымен сатып алғаны және сақтағаны үшін айыпталған.  Оны қайтару туралы шешімді Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойын­ша ағымдағы жылдың шілде айында Әзербайжан Республикасының Бас прокуратурасы қа­былдады. Қазіргі күні Ахмедов Ас­тана қала­сының тергеу оқ­шаулағышына қамауға алынды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қылмыскер елге қайтарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар