Жаңалықтар
1 мин оқу 290
Парламент палаталарының бірлескен отырысы 1 қыркүйекте өтеді
Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады parlam.kz
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2016 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын», делінген құжатта.
Айдар ӨРІСБАЕВ
Бөлісу: