Жаңалықтар
1 мин оқу 311
Қазақстан азаматтарына – мерейтойлық медаль
Украина президенті Петр Порошенко осы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты Украинаның халықаралық беделін нығайтуға, тарихи мұрасы мен қазіргі жетістіктерін насихаттауға зор үлес қосқаны үшін Т.Г.Шевченко атындағы Павлодар облыстық украин мәдени қоғамы мен «Қазақстандағы украиндар» қауымдастығының төрағасы Михаил Парипсуді «Украина тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапаттады.
Осы медальмен Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстандағы украиндар кеңесі» заңды тұлғалар бірлестігі үйлестіру кеңесінің төрағасы Юрий Тимошенко да марапатталды.
«Егемен-ақпарат»
Бөлісу: