Жаңалықтар
1 мин оқу 480

Қырғызстанда аза тұту күні жарияланды

29-08-16-aza tutu Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бүгін, яғни 29 тамызды аза тұту күні деп жариялады. Себебі, 27 тамызда Мәскеу қаласындағы типография қоймасынан өрт шығып, салдарынан 14 қырғызстандық азамат қаза тапқан болатын. Сондай-ақ, Бішкек-Ош тасжолында жол-көлік апаты болып, 9 адам опат болды. Осыған орай аталған елдің басшысы аза тұту күні туралы жарлыққа қол қойды. Талғат РАЙЫМБЕК
Бөлісу:
Қырғызстанда аза тұту күні жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар