Жаңалықтар
1 мин оқу 290
Түркияда лаңкестік топқа қатысы бар 815 күдікті қамауға алынды
Түркияның Ішкі істер министрі Эфкан Аланың хабарлауынша, ел үкіметі «Ирак және Левант лаңкестік тобымен» байланысы бар деген күдікпен 815 адамды қамауға алған. Сондай-ақ, ол 2011 жылдан бері 6 мың адамның содырлар тобына өтіп кеткенін мәлімдеді. Бүгінде «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» қатарына әлемнің түрлі елдерінен келіп, мыңдаған адам қосылуда. Олардың көбісі Ирак пен Сирияға Түркия аумағы арқылы жеткен.
Талғат РАЙЫМБЕКБөлісу: