Жаңалықтар
1 мин оқу 280
Тунисте жол апатынан 30 адам қаза тапты
Аталған елде жолаушылар мінген автобус цемент тиелген жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан 30 адам опат болды.
Сондай-ақ, көлік апатынан онға жуық жолаушы ауыр дене жарақатын алған, деп хабарлады осы елдің полициясы.
Алдын ала белгілі болғандай, көліктердің бірінің тежегіші істен шыққан. Қазіргі таңда оқиға орнында тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Талғат РАЙЫМБЕКБөлісу: