Жаңалықтар
1 мин оқу 290

Ресей мен Сауд Арабиясының келісімінен кейін мұнай қымбаттады

нефть Ресей мен Сауд Арабиясы мұнай рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөнінде келісім жасады. G20 саммитіндегі келісімнен кейін Brent маркалы мұнайдың бағасы 5%-ға жуық көтерілді. «Біздің бірлесе әрекет етуіміз рыноктағы бағаны тұрақтандыру ісінде шешуші маңызға ие болуы тиіс» дейді Ресей энергетика министрі Александр Новак. ОПЕК-тің 2-маусымда Венада өткен саммитінде ұйым мүшелері өндіріс көлемін азайтуға келісе алмаған-ды. Оған мұнай өндірісін шектегісі келмейтін Иранның позициясы себеп болған еді. Қараша айында Венада өтетін ОПЕК-тің саммитінде негізгі мәселе мұнай бағасы болмақ.
Бөлісу:
Ресей мен Сауд Арабиясының келісімінен кейін мұнай қымбаттады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар