Жаңалықтар
1 мин оқу 561

«Назар аударыңыз, балалар!» акциясы өтті

06 09 - akcya Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері «Назар аударыңыз, балалар!» жедел іс-шарасы барысында №55 орта мектебінде «Бірінші сынып жаяу жүргіншілеріне арналған» акциясын өткізді. Полицейлер акцияға қатысқан 500-ге жуық оқушыны практика жүзінде көрсету үшін жол қозғалысының қиындау учаскелеріне ертіп апарды. Жыл басынан бері 246 жол-көлік оқиғасы болып, 22 бала қаза тапқан, 241-і жарақат алған. Сондықтан, практикалық кеңестің пайдасы мол. Бақтияр ТАЙЖАН
Бөлісу:
«Назар аударыңыз, балалар!» акциясы өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар