Жаңалықтар
1 мин оқу 253

Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа кетуі мүмкін

???????????????????????????????????? АҚШ-тың бокс тақырыбына арналған Boxing News басылымы Рио Олимпиадасының алтын жүлдегері Данияр Елеусіновтің кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін екенін хабарлады. «Қазақстандық олимпиада чемпионы алтын медальді мүмкіндігінше тиімді пайдаланғысы келеді. Әңгімелерге қарағанда, 25 жастағы боксшы жақын арада Бруклинде (Нью-Йорк) тұрып жаттығатын, промоутер Лу Ди Беллдің қанаты астында жекпе-жектерге шығатын ағасы Дәуреннің қасына барады» деп жазады. Осының алдында Данияр Елеусінов әуесқой бокстағы арманына жеткенін, кәсіпқой боксқа көшу мәселесін әлі шешпегенін айтқан болатын. Егемен-ақпарат
Бөлісу:
Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа кетуі мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар