Жаңалықтар
1 мин оқу 191

Қазақстан Президенті Ұлттық қауіпсіздік комитетінде болды

karim
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен кездесу барысында В.Жұмақановтың Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалуына байланысты төраға қызметінен босатылатынын айтты деп хабарлайды Ақорда.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы К.Мәсімовті таныстырып, Үкімет жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара беретінін атап өтті.
Бөлісу:
Қазақстан Президенті Ұлттық қауіпсіздік комитетінде болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар