Жаңалықтар
1 мин оқу 210

Судьялардың шағымдары қаралды

Кеше Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолиннің басшылығымен Заңгерлер одағы және Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясы өкілдерінің қатысуымен Кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста сот жүйесінің ұйымдық-кадрлық мәселелері, оның ішінде жергілікті соттардың кейбір сот алқаларының төрағаларын, түрлі соттар төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы мәселелер және Сот жюриі комиссиясының шешімдеріне судьялардың шағымдары қаралды. Отырыстың қорытындысы бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады. Жоғары Сот Кеңесінің аппараты
Бөлісу:
Судьялардың шағымдары қаралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар