Жаңалықтар
1 мин оқу 656

Маңғыстаудағы Шайыр ауылында спорт кешені ашылды

18-09-16-sport-sarai

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Маңғыстау облысындағы Шайыр ауылында жаңадан спорт кешені ашылды. Шайыр ауылы Маңғыстау ауданындағы ең шалғайда орналасқан елді мекен. Ауыл тұрғындарының айтуынша, мұндай ғимарат бұрын-соңды болмаған. Спорт кешенін жергілікті кәсіпкер салған. Ғимарат заманауи үлгіде бой көтерген. Іші спортқа қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Кәсіпкер спорт кешенін салу үшін 43 миллион теңге жұмсаған. Қазіргі таңда мұнда дзюдо үйірмесі жұмыс істейді. Алдағы уақытта мұнда түрлі спорт үйірмелері ашылатын болады. Талғат РАЙЫМБЕК Фото: 24.kz
Бөлісу:
Маңғыстаудағы Шайыр ауылында спорт кешені ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар