Жаңалықтар
1 мин оқу 194

Елбасы Жастарға қызмет көрсету орталығында болды

zhkko
Қазақстан Президенті орталықтың жұмысымен, өңірдегі жастар саясатының негізгі бағыттарымен және басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысты, – деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметінен. Орталық жастар өмірінің кең ауқымды мәселелерін қамтиды, соның ішінде тұрмысы нашар көп балалы отбасылар балаларына көмек көрсетеді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы көп функционалды залды аралап көріп, онда Жаркент-Қорғас агломерациясының қала құрылысы тұрғысынан дамуының кешенді жоспарымен, сондай-ақ жаңа Нұркент қаласының бас жоспарымен танысты.
Бөлісу:
Елбасы Жастарға қызмет көрсету орталығында болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар