Жаңалықтар
1 мин оқу 250
8 айда 53 000 бала дүниеге келді
Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 53 051 нәресте жарық дүниеге келді. Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сейітжамал Пакеев жария етті деп хабарлайды Егемен-ақпарат. Республикада дүниеге келген сәбилердің әрбір бесіншісі оңтүстіктің еншісінде.
Соңғы мәліметтер бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында 2 860 000-нан аса адам тұрады. Бұл жөнінен өңір республика бойынша 1-орында. Тұрғындардың 73 пайызға жуығы төл ұлт өкілдері. Халықтың тығыздығы бір шаршы километрге 22,36 адам. Бұл жөнінен де облыс 1-орында.
Егемен-ақпарат
Бөлісу: