Жаңалықтар
1 мин оқу 241
Президент жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстанға барды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды Егемен-ақпарат.
Сапар барысында Елбасының Қызылжар ауданындағы «Шағала Агро» ЖШС дәнді дақылдар алқабына баруы және облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесуі жоспарланып отыр. Сонымен бірге, Президент Петропавлдағы Спорт сарайында жұртшылықпен жүздеседі.
Егемен-ақпаратБөлісу: