Жаңалықтар
1 мин оқу 286

Еліміздің бірнеше өңірінде күн суытады

03-10-pogoda Қазақстанның көптеген аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, соған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, тұман түседі. «Қазгидрометтің» ақпарынша, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Маңғыстау мен Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Павлодар облысында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 0-5 градус аяз болуы ықтимал. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Егемен-ақпарат
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше өңірінде күн суытады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар