Жаңалықтар
1 мин оқу 315

Жүлдегерге – жеңіл көлік

03-10-16-taldykorgan-1Талдықорған қаласында Паралимпиаданың күміс жүлдегері Раушан  Қойшыбаеваға жеңіл  автокөлік сыйға берілді. Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегерін арнайы қабыл­даған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оған жеңіл автокөлік пен 11,5 млн. теңгенің сертификатын табыс етті. Сөйтіп, облыс орталығындағы «Жастар» саябағында өткізілген салтанатты шара аясында спортшыға құрмет көрсетті. Күміс жүлделі спортшы­ның рухын көтерген кештің шеңберінде Паралимпия ойындарында 7-орыннан көрінген Гүлбану Әбдіхалықоваға да қошемет көрсетілді. Аймақ басшысы оған 1,5 млн. тең­генің сертификатын тапсырды. Соңында елдің атын жақсы жетістіктері­мен шығарған спорт­шы­лар­дың жаттықтырушыларына да сый-сияпат жасалды. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан» Алматы облысы
Бөлісу:
Жүлдегерге – жеңіл көлік · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар