Жаңалықтар
1 мин оқу 270

Қазақстан мен Румыния 1-таймда тең ойнады

15 Астана-Аренада ойнап жатқан Қазақстан мен Румыния бірінші таймда бір-біріне гол соға алмады деп хабарлайды Егемен-ақпарат. Кездесудің басында алаң иелері басымдық танытқанмен, қонақтар біртіндеп ойынды теңей алды. Дегенмен, 26-минутта Қазақстанның шабуылы кезінде румындар өздеріне гол соғып ала жаздады. Артынша олар Покатиловтың қақпасы алдында өте қауіпті жағдай туғызды. 3 метрдей жерден  тепкен  доп  қақпадан асып кетті. Бірінші таймда ескерту болған жоқ. Румындардың бір ойыншысы жарақатына байланысты ауыстырылды. Мұның алдында олардың бас бапкері Румыния құрамасының бұрын-соңды жасанды газонда ойнап көрмегенін айтқан болатын.
Бөлісу:
Қазақстан мен Румыния 1-таймда тең ойнады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар