Жаңалықтар
1 мин оқу 310

Алматыда әуе рейстері кешігуде

Алматы халықаралық әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар әуе рейстері кешігіп жатыр.

Әуежайдың онлайн-таблосында көрсетілгендей, Алматыдан Астанаға және Шымкенттен, Атырау мен Оралдан келетін рейстер кешігіп жатыр. Қызылордаға рейс кейінге шегерілген.

Айта кетейік, Алматыда жауған жаңбыр соңы қарға ұласып, қаланы тұман басқан.

Бөлісу:
Алматыда әуе рейстері кешігуде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар