Жаңалықтар
1 мин оқу 291

Сенбіге арналған ауа-райы болжамы

or 15 қазанда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік-Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Бөлісу:
Сенбіге арналған ауа-райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар