Жаңалықтар
1 мин оқу 330

Ауғанстан вице-президенті Рашид Достым талибтермен қақтығыста жарақат алды

pcu "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның вице-президенті генерал Абдул-Рашид Дустумды жарақаттады, деп хабарлайды  Khaama Press агенттігі. Дустум өткен аптада талибтер басып алған Гормач ауданында қауіпсіздік қызметінің жасағына ілесіп келе жатқанда, елдің солтүстік-батысында  Фарьяб провинциясында торуылға түсті. Ауғанстан премьер-министрі Абдулла Абдулла вице-президенттің жеңіл жарақаттанғанын растап, оның денсаулығына еш қауіп жоқтығын айтты. Түріктің  Anadolu агенттігі жасаққа шабуыл кезінде ауғандық 15 әскер қаза тауып, 20-сы жарақаттанғанын хабарлады.
Бөлісу:
Ауғанстан вице-президенті Рашид Достым талибтермен қақтығыста жарақат алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар