Жаңалықтар
1 мин оқу 290

Елбасы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Кездесу барысында министр Мемлекет басшысына Қарулы күштердің дайындығын баяндады. Қазақстан Президенті ведомствоның жаңадан құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен арада өзара тиімді іс-қимылды жолға қоюының маңыздылығына назар аударды.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрі Қарулы Күштер құрамында өтіп жатқан қорытынды сынақтың бүгінгі күнге дейінгі оң нәтижелері жөнінде мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:
Елбасы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар