Жаңалықтар
1 мин оқу 270

Қызылордада дзюдодан халықаралық турнир өтеді

2016 жылдың 22-23 қазан күндері Қызылорда қаласында Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовті еске алуға арналған 1997-1998 жылдары туылған жастар арасында дзюдодан халықаралық  турнир өтеді, деп хабарлайды Егемен-ақпарат Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Биыл 16-шы  мәрте ұйымдастырылатын дүбірлі бәсекеге еліміздің он бір облысынан және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 250-ге жуық татами шебері 16  салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.

Жарыс ұлдар және қыздар арасында да 8 салмақ дәрежесі бойынша өтеді.

Турнирдің салтанатты ашылуы 22 қазан күні сағат 12.00-де «Евразия» спорт кешенінде өтеді.

Бөлісу:
Қызылордада дзюдодан халықаралық турнир өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар