Жаңалықтар
1 мин оқу 240

Боб Арум Геннадий Головкин мен Мэнни Пакьяоның жекпе-жегін ұйымдастырмақ

Мэнни Пакьяоның промоутері Боб Арум филипиндік боксшымен қазақстандық Геннадий Головкин жекпе-жегін ұйымдастырмақ ниетте, - деп хабарлайды egemen.kz tengrinews.kz - ке сілтеме жасап.

Сәуір айында Пакьяо спортпен қош айтысқанын жариялаған болатын. Дегенмен, боксқа қайта оралып, 5 қарашада Лас-Вегаста Джесси Варгаспен кездесу өткізеді.

"Егер Мэнни осы жекпе-жекті жақсы өткізсе, келесі қарсыласы Головкин болуы мүмкін", - дейді Арум.

2015 жылы Головкин Пакьяомен жекпе-жек өткізу арманы екендігін айтқан. Қазақстандықтың тағы бір қалауы ол жеңіліп көрмеген американдық кіші Флойд Мейвезермен қолғап түйістіру.

Бөлісу:
Боб Арум Геннадий Головкин мен Мэнни Пакьяоның жекпе-жегін ұйымдастырмақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар