Жаңалықтар
1 мин оқу 212

Елбасы Асқар Жұмағалиевты қабылдады

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде А.Жұмағалиев Мемлекет басшысына ұлттық атом компаниясының 2016 жылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы баяндады. Қазақстан Президенті бұл сала өнімінің әлемдік нарықтағы үлесі жоғары екенін атап өтті.

"Біздің міндетіміз - толық ядролық отын циклінің барлық үдерісіне қатысуға мүмкіндік алу. Бұл салада басқа елдермен өзара ынтымақтастықтың деңгейін арттыру керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы профильді емес активтерден арылу және трансформациялау бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды. Ұлттық атом компаниясы басқармасының төрағасы Елбасыға Үлбі металлургия зауытының аумағында зауыт салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінің аяқталғаны және қажетті жабдық өндірудің басталғаны туралы баяндады. Бұған қоса, А.Жұмағалиев шетелдік серіктестермен арада биыл жасалған келісімдер және бекітілген келісімшарттар туралы, сондай-ақ  компания құрамынан профильді емес 26 активтің шығарылатыны туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Бөлісу:
Елбасы Асқар Жұмағалиевты қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар