Жаңалықтар
1 мин оқу 340

Генадий The Ring журналына шықты

golovkin Генадий Головкин әлемнің ең үздік 100 боксшысы туралы әлемге танымал The Ring журналының мұқабасына шықты, деп хабарлайды egemen.kz Vesti.kz - ке сілтеме жасап. Генадий Головкиннен басқа мұқабада никарагуалық Роман Гонсалес,  америкалық Андре Уорд пен ресейлік Сергей Ковалев бар. The Ring нұсқасы бойынша Головкин әлемнің 100 үздік боксшыларының ішінде үшінші орында тұр. Көш басында Гонсалес, екінші орында Ковалев бар. Генадий Головкин бұл рейтингте былтыр төртінші орында болған еді. Алғашқы ондыққа Андре Уорд, Теренс Кроуфорд, Гильермо Ригондо, Василий Ломаченко, Сауль "Канело" Альварес, Шинсуке Яманак, Карл Фрэмптон кірген.  

Бөлісу:
Генадий The Ring журналына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар