Жаңалықтар
1 мин оқу 345

Ісін енді бастаған кәсіпкерлерге гранттар тағайындалды

Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарамасы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ашық конкурс өткізіледі. Конкурстың мақсаты - ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша экономиканың басым секторлары шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін нысаналы гранттар беру. Конкурс «Бизнес-кеңесші»/«Бизнес-кеңесші-1» және «Жас кәсіпкер мектебі» жобалары бойынша өтеді, деп хабарлайды egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бизнес-жобаның міндетті шарты - кәсіпкердің ұсынылып отырған гранттың көлемінен кемінде 10 пайыз мөлшерінде оны іске асыру шығындарын бірге қаржыландыруы.

 

Конкурстық құжаттарды қабылдау 1 қарашадан басталды.

Өтінімдер 2016ж. 15 қараша сағат 17.00 дейін қабылданады. Көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн келiп түскен өтiнiмдер қабылдауға жатпайды.

Бөлісу:
Ісін енді бастаған кәсіпкерлерге гранттар тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар