Жаңалықтар
1 мин оқу 220

Елбасы Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоганмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды egemen.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Эрдоганды Түркияның ұлттық мейрамы - Республика күнімен құттықтап, түрік халқына бейбітшілік пен өсіп-өркендей беруін тіледі.

Сонымен қатар тараптар екіжақты ынтымақтастық, халықаралық және аймақтық маңызды мәселелерді талқылады.

 

Бөлісу:
Елбасы Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар