Жаңалықтар
1 мин оқу 292
«Алтын доптан» кімдер үмітті?
Француздың France Football журналы биылғы маусымның ең үздік футболшысына тапсырылатын «Алтын доп» жүлдесін алуы ықтимал үміткерлердің толық тізімін жариялады.
Тізімге 30 кандидат енгізілген. Олардың қатарында мына футболшылар бар: Гарет Бэйл, Криштиану Роналду, Тони Кроос, Лука Модрич, Пепе, Серхио Рамос (бәрі де – «Реал»), Андрес Иньеста, Лионель Месси, Неймар, Луис Суарес (бәрі де – «Барселона»), Роберт Левандовски, Томас Мюллер, Мануэль Нойер, Артуро Видаль (бәрі де – «Бавария»), Джанлуиджи Буффон, Пауло Дибала, Гонсало Игуаин (үшеуі де – «Ювентус»), Диего Годин, Антуан Гризманн, Коке (үшеуі де – «Атлетико»), Серхио Агуэро, Кевин Де Брюйне (екеуі де – «Манчестер Сити»), Златан Ибрагимович, Поль Погба (екеуі де – «Манчестер Юнайтед»), Рияд Марез, Джейми Варди (екеуі де – «Лестер Сити»), Пьер-Эмерик Обамейянг («Боруссия», Дортмунд), Уго Льорис («Тоттенхэм»), Димитри Пайе («Вест Хэм»), Руй Патрисиу («Спортинг», Лиссабон).
Аргентина құрамасы мен «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси жүлденің қазіргі иесі болып табылады.
«Егемен-ақпарат»Бөлісу: