Жаңалықтар
1 мин оқу 235
Обама Хиллари Клинтонға дауыс берді
АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обама Хиллари Клинтонға уақытынан бұрын дауыс берді, деп хабарлайды The Los Angeles Times. Басылымның айтуынша, қазіргі Президент Хиллариға АҚШ-тың болашағын сеніп тапсыра алатынын айтқан.
"Мен дауыс беріп қойғанмын. Өз дауысымды Хиллари Клинтонға бердім. Сіздер де солай істеңізер", - деді Мичиган штатында сөз сөйлеген Обама.
Ал өз жеңісіне сенімді болған Хиллари Клинтон алдын ала отшашуларға тапсырыс беріп қойғанымен, ол ойынан бас тартыпты.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін АҚШ-та Президент сайлауы өтеді.
Бөлісу: