Жаңалықтар
1 мин оқу 250
«Денсаулық» бағдарламасының артықшылықтары айтылды
Үкімет отырысы барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының артықшылықтарын баяндады.
Денсаулық сақтау саласының алдағы 4 жылға арналған стратегиялық жоспары: 2020 жылға таман халықтың өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұзарту, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жүйесі мен басқаруын жақсарту.
2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы бойынша, азаматтардың денсаулығын жоспарланған көрсеткіштерге жеткізу үшін және дамыған 30 елдің (ЭЫДҰ) деңгейіне сәйкес әзірленді.
Аян Әбдуали
"Егемен Қазақстан"
Бөлісу: