Жаңалықтар
1 мин оқу 640

Қапшағай әкімінің орнына жаңа басшы келді

photo_31319 Алматы облысы әкімінің шешімімен Талғат Қайнарбеков Қапшағай қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды egemen.kz tengrinews.kz - ке сілтеме жасап. Қайнарбеков Талғат Қанатұлы 1969 жылы 17 қазанда Алматы облысы Сарқанд ауданының Новопокровка ауылында дүниеге келген. Жоғары білім бар. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тарих пәнінің мұғалімі және қосымша мемлекеттік құқық мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін "экономист" мамандығы бойынша оқып бітірген. 2011 жылы Қазақстан Республикасының Президенті аясындағы Мемлекеттік басқару академиясын "мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұған дейін ол Текелі қаласының әкімі қызметінде болды.  
Бөлісу:
Қапшағай әкімінің орнына жаңа басшы келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар