Жаңалықтар
1 мин оқу 264

Қостанайда ипотека алған 25 адамның несиесі жеңілдетілді

Қостанай облысындағы банктер филиалдары   адамдардың тұрғын үй  үшін алған несиелерін  1,8 миллиард теңге көлемінде қайта қаржыландырды. Акция басталған 2015 жылдың 31 шілдесінен үстіміздегі жылдың 13 қыркүйегіне дейін комиссия банктер   ипотекалық қарызын қаржыланырудан бас тартқан 99 адамның арызын қайта қараған. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Сәуле Аймұхамбетованың айтуынша, комиссия соның арасынан 43 өтінішті  екінші деңгейдегі банктерге қайта қарауға жіберді. Осы 43 арызданушының 25-нің өтініші қанағаттандырылып, олардың ипотекалық қарызын қайта қажыландыруға шешім қабылданды.  Ал 19 қарыз алушыға банктер қайта қаржыландырудан бас тартты.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен  Ұлттық банк тұрғындардың  тұрғын үй-ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру үшін 30 миллиард теңге бөлген болатын. Бүгінге дейін соның 88,6 миллиард теңгесі игерілді, яғни адамдардың баспана үшін алған қарыздарын жеңілдетуге көмек берілді. Енді Ұлттық банк басқармасы 2016 жылғы 16 қыркүйекте қаулы қабылдап, Ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыздардарын қайта қаржыландыру бағдарламасына  өзерістер мен толықтырулар енгізді. Онда бірінші кезекте банктер проблемалық кредиттер қорының салымын игеру кезеңін 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзатылғанын белгіледі. Сонымен қатар бірнеше өзгерістер несие алушы алған үйдің көлеміне, жер учаскесіне, адамдардың әлеуметтік топтарына қатысты.

Нәзира Жәрімбетова

"Егемен Қазақстан"

Бөлісу:
Қостанайда ипотека алған 25 адамның несиесі жеңілдетілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар