Жаңалықтар
1 мин оқу 393
Қостанай қаласына жаңа прокурор тағайындалды
Қостанай қаласына жаңа покурор тағайындалды. Қазақстан Бас прокурорының бұйрығымен әділет кіші кеңесшісі Мақсат Қазиев прокуратура органы қызметіне қабылданып, Қостанай қаласының прокуроры болып тағайындалды.
Ол осыған дейін Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған болатын. Қаланың бұрынғы прокуроры Әділхан Ерекешев облыс прокурорының орынбасары болып тағайындалды.
Нәзира Жәрімбетова
"Егемен Қазақстан"Бөлісу: