Жаңалықтар
2 мин оқу 321

Апатты үйлердегі тұрғындарға пәтер беріледі

101116-home Астана қаласында апатты үйлердегі тұрғындарға пәтер беріледі, деп хабарлады astana.gov.kz. «Биыл ауданы жалпы ауданы 189 мың шаршы метрді құрайтын 3 284 пәтерді тапсыру жоспарланған. Оның ішінде апатты үйлердің иелерін көшіру үшін 10,2 млрд. теңгеге 57,7 мың шаршы метр болатын 1 169 пәтерді коммуналдық меншікке ақысыз негізде беру жоспарланған», - делінген әкімдік таратқан ақпаратта. Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша жалпы ауданы 141,2 мың шаршы метр болатын 1 849 пәтерге есептелген 5 тұрғын үй пайдалануға берілді. Тапсырылған үйлерді жалпы ауданының 54 мың шаршы метр болатын 1 049 пәтер апатты үйлердің тұрғындарын көшіру үшін коммуналдық меншікке ақысыз негізде беріледі. «Елорда даму» ЖШС қала әкімдігінің бөлімшелерімен бірлесіп, 2016 жылдан бері апатты жағдайдағы үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаны іске асыруда. «Елорда даму» ЖШС пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 5 204 пәтерден тұратын жалпы ауданы 375 мың шаршы метр 44 тұрғын үйді пайдалануға тапсырды, оның ішінде жалпы құны 12,6 млрд. теңгені құрайтын 1 638 пәтер ақысыз негізде коммуналдық меншікке беріледі және қайта инвестициялауға 27 млрд. теңге бағытталады. «Мемлекет басшысының бастамасымен ескі үйлерді бұзу бағдарламасы қолға алынды. Бұл түрік әдісі. 2013 жылы 228 ескі үй анықталды. Қазрігі кезде 100 астам үй сүрілді, қалған үйлер алдағы жылы бұзылатын болады», - деді құрылыс басқармасының басшысы Талғат Рысбеков.
Бөлісу:
Апатты үйлердегі тұрғындарға пәтер беріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар