Жаңалықтар
1 мин оқу 292
«Барыс» «Слован» командасын ойсырата жеңді
Астананың «Барысы» ҚХЛ маусымында Братиславаның «Слован» командасын өз айдынында 5:1 есебімен ұтты, – деп хабарлады vesti.kz.
Кездесудің 4-минутында Роман Старченко есеп басын ашса, араға он минут салып Найджел Доус екінші шайбаны соқты. Екінші кезеңде қонақтар сапынан Патрик Лушняк 23-минутта есеп санын қысқартқанмен, 36-минутта «Барыс» хоккейшісі Иван Кучич мергендігімен көзге түсе білді.
Қарқынын арттырған астаналықтар үшінші кезеңде қарсыластарына тағы екі шайба соқты. 56-минутта Роман Старченко дубль иесі атанса, кездесудің аяқталуына 11 секунд қалғанда Брэндон Боченски нәтижелі соққының авторы атанды.
«Барыс» 13 қараша күні өз айдынында Екатеринбургтің «Автомобилист» командасын қабылдайды.Бөлісу: