Жаңалықтар
1 мин оқу 250

Испания интернет-мемдерге тыйым салмақ

Испанияда адамның беделіне нұқсан келтіретін суреттерге тыйым салатын заң жобасы ұсынылды. Бұл ұсынысты Конгреске Халықтық партияның өкілдері мен премьер -министр Мариано Рахой жасапты.

Бұл заң жобасына сәйкес адамның беделіне нұқсан келтіретін суреттерді таратуға тыйым салынбақ.

Осы ақпарат шыққан сәттен бастап испандық желі қолданушылары саясаткерлерді мазақ етіп, премьер-министрге арнап мемдер таратып жатқан көрінеді.

Көпшілігі заңды Конгресс қолдамайды деп отыр.

Бөлісу:
Испания интернет-мемдерге тыйым салмақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар