Жаңалықтар
1 мин оқу 332
Отырыста қаралатын мәселелер талқыланды
Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Алдағы жалпы отырыста халық қалаулылары ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялайтын заң жобасын қарайды деп күтілуде.
Келісім төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдары ынтымақтастығының құқықтық негіздерін белгілеуге бағытталады.
Сонымен бірге, осы күні палата экологиялық мәселелерге қатысты түзетулерге байланысты заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындамақ.Бөлісу: