Жаңалықтар
1 мин оқу 310

Семей халқы көктайғақтан қатты зардап шегуде

12-11-16-gololet

Семейде ауа райы құбылмалы болып тұр. Біресе қар жауып, боран соқса, аракідік жаңбыр жауып, арты көктайғаққа ұласуда. Осының салдарынан семейліктер қатты зардап шегіп, денесін зақымдап алушылар саны артып келеді, деп хабарлайды 24.kz. Семейде қардың қалыңдығы кей жерлерде 30 сантиметрге дейін жеткен. Облыста жол апаты жиілеп, соңғы 2 күнде 69 оқиға тіркелді. Сонымен қатар, қалада көктайғақтан зардап шеккендер саны бір аптада едәуір артқан. Мәселен, күніне дәрігерлер көмегіне 30-40 адам жүгінсе, қазір 70-80 жеткен. Травматолог мамандардың айтуынша, науқастардың басым бөлігі аяқ-қол сүйектерін сындырып алғандар, жамбас пен омыртқаларын зақымдап алғандар екен.
Бөлісу:
Семей халқы көктайғақтан қатты зардап шегуде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар