
Қытайда жоғалған балаларды іздестіру бойынша жаңа компания құрылды. Олар өз жұмысын желтоқсан айынан бастамақ. Сондай-ақ, компания жоғалған жеткіншектерді іздестірудің жаңа тәсілін қолданысқа енгізбек. Яғни, олар жоғалғандардың фотосын ауыз су құйылған бөтелкелерге жапсырмақшы, деп хабарлайды inform.kz
Жоба Baobeihuijia.com. кәмелетке толмағандарды іздеу бойынша ірі интернет-порталдың жәрдемдесуімен іске асырылады. Бірінші бастамада 8 - 18 жас аралығындағы балалардың фотосуреттері бар 500 мың бөтелке таратылады. Бүгінгі таңда жоғалған жеткіншектердің ата-аналары іздеудің жаңа тәсіліне өз келісімдерін берген. Айта кетейік, фотосуреті бар бөтелкелер адамдар көп шоғырланатын жерлерде, нақты айтқанда сауда орындарында, метрода, вокзалдар мен өзге де жерлерде сатылады. Бұған дейін Baobeihuijia.com интернет-порталы 1704 баланы табуға көмектескен. Порталда жалпы саны 31 мың отбасы балаларын іздестіруде.
Фото: lovetravel.od.ua