Жаңалықтар
1 мин оқу 274
Бүгін Молдова президенті сайланады
Молдовада бүгін президенттік сайлаудың 2-ші кезеңі өтеді. Саяси сайысқа социалистер лидері Игорь Додон мен оппозициялық партия өкілі Майя Санду түседі, деп хабарлады Baq.kz.
Айта кетейік, Молдовада соңғы он бес жылда алғаш рет президентті бұқара халық сайлағалы отыр. Бұған дейін ел басшысына тек парламент таңдау жасап келген болатын.
Екі апта бұрын 1-ші турда Додон халықтың 49 пайыз дауысын жинаса, «Әрекет және ынтымақтастық» партиясының кандидаты Санду ханым 38 пайызының сеніміне ие болған. Ал мамандар сайлаудың 2-ші кезеңінде Ресеймен стратегиялық қарым-қатынасты қалпына келтіруді көздеген Игорь Додон жеңіп шығады деп отыр.
Бөлісу: