Жаңалықтар
1 мин оқу 430

Бүгін ең жарық Айды көруге болады

Бүгін Жер мен Ай сонау 1948 жылдан бері бір біріне ең жақын арақашықтықта айналып өтеді, деп хабарлады "Хабар 24" арнасы. «Суперай» деген атау берілген бұл құбылыс енді тек 2034 жылы ғана қайталанады екен, деп хабарлайды NASA сайты. Жалпы бұл құбылыс кезінде Ай мен Жердің арақашықтығы 30 мың шақырымға дейін қысқарады. Ал Айдың көлемі әдеттегісінен 15%-ға үлкенірек болады. Әдетте әуесқой астрономдар бұл құбылысты камераға түсіріп алып, онысын ғаламторға жариялап, жұртпен бөліседі.
Бөлісу:
Бүгін ең жарық Айды көруге болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар