Жаңалықтар
2 мин оқу 457

Дәстүрлі дәрістер басталды

Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Мәңгілік ел: тәуелсіздік құндылықтары» атты дәстүрлі «Елдік дәрістер» басталды. Дәрістің алғашқы сабағының кіріспесінде Еуразия ұлттық уни­­вер­ситетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы алдағы күн­­дері елі­мізде мән беріле ата­­лып өтілетін Тұңғыш Пре­зи­дент күні мен Тәуелсіздік ме­­рекесінің мән-мағы­насына тоқ­талып, осыған орай универ­си­тет қабырғасында айту­лы оқи­­ғаға орайлас маңызды тақы­рып­тарды қамтыған дәріс бір ай бойы күн сайын оқылатынын ай­тып өтті. Алғашқы дәрісте академик, фи­лология ғылымдарының док­торы, профессор Сейіт Қас­қабасов «Дәстүрлі ұлттық құн­дылықтар және қазіргі заман» та­қырыбында баяндама жасап, ең алдымен ата-бабамыз арман­дап өткен Тәуел­сіздіктің қа­дір-қасиетіне тоқтала келіп, қа­зіргі уақытта бүкіл ел болып қол­ға алып жатқан «Мәңгілік Ел» идеясының жік-жапсарын жи­налып отырған көпшілік жас­тарға ұғынықты түрде тү­сіндірді. Әсі­ресе, ел болып қа­лыптасу үшін ұлт тілімен қа­тар, салт-дәстүр, әдет-ғұ­рып сияқты әр елдің өзін­дік құн­дылықтары да тұтастай сақ­­­талуы керектігін ойлы да өре­­­лі мысалдармен дәйектеп бе­ре алды. Академик студент жас­тарға қарата: «Өмір­де алдымен мамандық таңдауда, содан соң өмірлік жар таңдауда қа­те­леспеңдер» деген сияқты ата­лық ақыл-кеңестерін айтып, оны өмір шындығымен байланы­с­тыра әңгімелеуі жастарға үлгі-өне­гелі өсиеттей әсер етті. Естеріңізге сала кетейік, ­бір ай бойы жалғасатын «Елдік дә­ріс­тер­ді» алдағы уа­қытта академик, философия ғылымдары­­ның докторы Жабайхан Әбділдин  – «1986 жыл­ғы Желтоқсан кө­терілісі – қателіктер мен ұлт­тық сая­сат­тағы қарама-қай­шы­­­лықтар», академик, физика-математика ғылымдарының док­­торы, профессор Мұхтарбай Өтелбаев – «Мем­лекет және ғы­лым», академик, тарих ғы­лым­­­дарының докто­ры Болат Көмеков – «Ұлы Дала құн­ды­лық­­­тары», академик, биология ғылымдарының док­торы Рах­метқажы Берсімбай – «Адам ге­нетикасы: мәселелері және Қазақстандағы жетістіктері», Мем­лекеттік сыйлықтың лау­реаты, жазушы Қойшығара Салғараұлы – «Мәңгілік ел және тарихи­ таным баспалдақтары», Мем­лекеттік Елтаңба авторы Жан­дарбек Мәлібеков – «Тәу­елсіздік рәміздері және сәу­лет өнері», экономи­ка ғы­лым­дарының докторы Мыр­за­гелді Кемел – «Қазақстан жолы: сын-қатерлердің алдын алу», Пар­ламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповский – «Отаншылдық және этно­са­ра­лық келісім», саясаттану ғылымдарының докторы Нәу­бат Қалиев – «Қалып­тасқан еге­­мен мемлекеті: тәуел­сіз­дік жылдарының басты нә­ти­­­жесі», заң ғылымдарының док­­­торы Еңлік Нұрғалиева – «Тәуелсіз ел аза­маттарының құ­­­­­қықтарын қорғау», филоло­гия ғылымдарының докторы Шәкір Ыбыраев – «Тәуелсіз Қа­­зақстан және түркітанудың өзек­ті мәселелері», филология ғылым­дарының докторы На­ма­залы Омашев – «Жаһандану жә­не журналистика», техни­ка ғылымдарының канди­да­ты Зей­нол­ла Төлеубай – «Техника ғы­лым­­дары және ұлт зиялылығы», та­­рих ғы­лым­­дарының докторы Сатай Сыз­­дықов – «Мәң­гілік ел жал­­пы ұлттық идеясы: сая­си философиялық негіздері жә­­не тарихи сабақтастығы» та­қы­ры­бын­да өткізеді. Берік САДЫР, «Егемен Қазақстан»
Бөлісу:
Дәстүрлі дәрістер басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар